Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кәсіпкерлерді толғандырған мәселе шаш етектен

c 18:11, 02/08 c 30

0:00 / 0:00

Орал қаласында кәсіпкерлердің құқығын қорғау мен олардың мәселесін шешу үшін арнайы жиын өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан мен прокурорлар, әкімдік қызметкерлері, бизнес субъектілері қатысты.

Мемлекет басшысы кәсіпкерлердің құқығын қорғауды мықтап тапсырды. Олардың ісіне кедергі келтіретін мәселелер біртіндеп шешіліп келеді. Экономикалық қылмыстарды бойынша заң жобасы да өз күшіне енді. Бизнесмендердің құқығын прокурорлар жіті қорғап отыр. Жиында облыстың бас прокуроры кәсіп иелеріне қатысты қылмыстық істің 20-25 пайызға тіркелуі азайғанын жеткізді. Мәселен, 2020 жылы 42 қылмыстық іс тіркелсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 14 істі құрады.

Кәсіпкерлердің мұң-мұқтажын тыңдауға Парламент мәжілісінің депутаты Абзал Құспан келді. Ол осындай кездесулерді түскен ұсыныстардың арқасында заң жобаларына өзгерту бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Ал, шаруалар субсидия құжаттарын 16 мамырда өткізуге көңілі толмайды. Жәнібектік кәсіпкер егін салған уақытта, бар жұмысты тастап, құжаттарды жинауға кірістік. Құжаттарды жинап бола бергенде, "Ауыл аманаты" арқылы кооператив құрып, сатып алған тракторыма субсидия төлеуден бас тартты. Жаңа техниканың құжаты тек 30 мамырда келді. Соның кесірінен мемлекеттік қолдаудан қағылып отырмын,- дейді кәсіпкер.

Жолаушыларды тасымалдау компаниялары әкімдік жыл сайын тиісті субсидиямыздың 60 пайызын ғана төлейді деп шағымданды. Қордаланған қарыз әлеуметтік кәсіпкерлерді тақырға отырғызуы мүмкін. 2022 жылы қала әкімдігі қоғамдық көлік иелеріне небары 3,9 млрд теңге қаражат аударған. Ал, тасымалдаушы компаниялар 5,9 млрд теңге субсидия сұрапты. Бұл жағдай күні бүгінге дейін жалғасып келеді. 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында қарыз көлемі 1,5 млрд теңгені құрайды.

Облыс әкімінің орынбасары, мәселені әріптестеріме жеткіземін деп айтты. Бұдан бөлек, 2 жылдан бері мемлекеттік кірістер департаментінің тексерісінен кейін әділдік іздеп сотқа шағымданып жүрген кәсіпкер жағдайын жайып тастады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.