Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Медицинада-50 жыл!

c 17:16, 02/08 c 74

0:00 / 0:00

БҚО-ның көпбейінді ауруханасында 50 жыл бойы емдеу ісіне үлес қосқан Любовь Васильевна Голубинова зейнетке шықты. Бір орында табан аудармастан еңбек еткен дәрігерге әріптестері құрмет көрсетті. Емдеу ісіне өлшеусіз үлес қосқан Любовь Голубинованың көмегіне жүгінбеген облыс тұрғыны кем де кем шығар. Өйткені емдеуші дәрігерге дейін ішгі органдар мен аяқ, қолдан бастап рентгенге түсіріп, медицинадық көмектің дұрыс көрсетілуіне бірден бір себеп болатын рентгенолог - дәрігерге күніне шамамен 100-ге жуық адам келеді. Осы қызметте талай маманға жол сілтеп жүрген, өз ісіне адал ақ халатты абзал жанның облыстық аурханадағы қызметін бастағанына бүгін 50 жыл толды.Денсаулық сақтау саласының ардагері рентген маманның демалыссыз, дамылсыз еңбек ететінін айтады. Себебі ауруханға келген әр жан бақылаудан өтетін маманға әсіресе қыстағы қолайсыз ауа райының салдарынан жарақат алып, жүгінушілер қатары артады екен. Өйткені қар мен мұздақта аяқ-қолын сындырғандар бірден осы жерден емге жіберіледі. Мұндай сәттерде тәулігіне 200-300-ге жуық адамға көмек көрсетіледі екен. Любовь Голубинованың әріптестері сала ардагеріне алғыстарын айтты. Кешегі пандемия кезінде де білікті дәрігерлер аяқтарынан тік тұрып қызмет етті. Әсіресе, бұл бөлімге келетіндердің саны өте көп болған. Олардың көбісі пневмонияға шалдыққандар дейді,-сала ардагері.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.