Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

“Подстепное-Федоровка” жол құрылысында кідіріс бар

c 17:05, 02/08 c 62

0:00 / 0:00

“Подстепное-Федоровка” бағытындағы 72 шақырым жол құрылысында кідіріс бар. Өйткені құрылысқа қыруар қаражат қажет. Тиісті соманы Karachaganak Petroleum Operating B.V. компаниясы бөлмек.  Жер қойнауын пайдаланушы ірі компания жөндеуге қаражат бөлуге дайын. Бұл транзиттік дәліз 100 мың тұрғыны бар 50 ауылды облыс орталығымен байланыстырады. Жол басқармасы мамандары мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу үшін үкімет қаулысын күтіп отырғанын айтады. "КПО" 72 шақырым жолды жөндеуге 40 млрд теңгеден асатам қаражат бөлмек.Аймақтағы  “Подстепное-Федоровка” бағытындағы жөнделетін күре жолдың жалпы ұзындығы 144 шақырым болса, "Қазавтожол" компаниясы оның 71 шақырымының құрылысына жауапты. Мердігер мекеме 2 телімде бүгінгі таңда жаңғырту жұмыстарының ширағанын айтады. Жалпы жұмыстардың аяқталу мерзімі - 3 жыл.Қазіргі сәтте шекара тұсында айналмалы көпір салынып жатыр. Құрылыс келер жылы аяқталуы тиіс. Ал биыл республикалық Жәнібек, Бөкей Ордасының жолдарын тапсыру көзделген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.