Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚОС АУЫЛДА 35 БАСПАНАНЫҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

c 16:17, 02/08 c 29

0:00 / 0:00

Көктемде Бөрлі ауданының 4 ауылы тасқын судан зардап шекті. 300-ден астам тұрғыннан өтініш келіп түскен. Техникалық бағалау жүргізген комиссия 126 тұрғын үйді жарамсыз деп таныған. Соның біразы Ақсу ауылында. Мұнда 81 баспана анықталған. Оның 44-ін тасқын су талқандаған. Жағдай тұрақталған бойда 21 отбасы елдімекеннен орталыққа қоныс аударуға бекініп, оларға баспана сатып алынып берілген. Қалғаны туған жерде тұрақтап қалғысы келген.

АЙЫМ СҮЛЕЙМЕНОВА

ТІЛШІ

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ

ОБЛЫС ӘКІМІ

Сондай-ақ Пугачев ауылында тасқын судан зардап шеккен 12 жанұя баспаналы болды. Бұл ауылды екі жыл қатарынан су басқан. «Бірінші жылы орын алған төтенше жағдайдан есімізді жиып жатқанда, қайта зардабын тигізді»,-деп еске алады Қадыр Жұмашев. 50 жылдан аса құтты болған баспана бір мезетте лашыққа айналыпты. Содан бері жалдамалы пәтерді паналаған Қадыр Жұмашевтың енді өз шаңырағы бар.

ҚАДЫР ЖҰМАШЕВ

ПУГАЧЕВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Айта кетсек, Бөрлі ауданында тасқыннан зардап шеккен отбасыларға арнап 66 тұрғын үй сатып алынса, 60 баспананың құрылысы қайта жүргізілген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.