Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚХР бас консулдығы ашылды

c 17:59, 01/08 c 37

0:00 / 0:00

Ақтөбеде Қытай Халық Республикасының бас консулдығы ашылды. Салтанатты шараға Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо қатысты. Елшінің айтуынша, мұндай қадам ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың дамуына жаңа леп береді.

Қытайдың Қазақстандағы елшісі мен Ақтөбе облысының әкімі жаңа консулдықтың тақтайшасын ашты. Өңірде жаңадан ашылған елшілік Алматы шаһарынан кейінгі ірі консулдық болмақ. Атырау, Маңғыстау, БҚО мен Қызылорда облысын қамтиды. Елші Чжан Сяо қытай-қазақ қарым-қатынасының жаңа "алтын 30 жылына" өз үлесін қосып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолында аянбай қызмет жасайды деп сенім білдірді.

Сарапшылар Ақтөбеде қытайлық компаниялардың көптігінен таңдау осы шаһарға түсті деп есептейді. Өңірде аспан асты елінің кәсіпкерлерімен бірге 70 ортақ кәсіпорын жұмыс істейді. Ақтөбе облысының Қытаймен сауда-саттығы 2024 жылдың қаңтар мен мамыр айларында 472 млн АҚШ долларын құрады. Сондай-ақ, ҚХР-на экспорт көбейген. Аймақ басшысы Асхат Шахаров инвесторларды бірлескен жобалардың санын арттыруға шақырды.

Қос тарап кездесу барысында экономика, сауда мен мәдени байланысты дамыту сынды мәселелерді талқылады. Өткен жылы Қытай Қазақстанның ірі сауда әріптесі болды. Қос ел арасында сауда-саттық 41 млрд долларды құрады. 2024 жылдың жарты жылдығында көрсеткіш 17 пайызға артты. Ақтөбеде ашылған бас консулдық қос ел арасындағы мәдени-гуманитарлық пен іскерлік қарым-қатынасты нығайта түспек.

Сурет http://www.kaz.people.cn сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.