Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тартысты турнир

c 17:49, 01/08 c 27

Орал қаласында әуе күштерінің ардагері, генерал-майоры Уәли Еламановты еске алуға арналған турнир өтті. Сайысқа түрлі соғыс қимылдарына қатысқан жандар мен құқық қорғау саласының, әуе күштерінің ардагерлері қатысты. Турнир шағын футболдан өтті.

Әуе десаншылары күніне орай, облыс орталығында алғаш рет қарулы күштер, теңіз флоты, шекарашылар мен әуе десанттары ардагерлері шағын футболдан жарысқа қатысты. Сайыста сегіз команда бақ сынады. Жарыс әуе десатшылары күшінің 94 жылдығы мен генерал-майор Уәли Елемановты еске алуға арналды. Уәли Бисақанұлы Ақжайықтың тумасы. Әскери қайраткер саналы ғұмырын елді жаудан қорғауға, әуе кеңестігінің қауіпсіздігіне арнады.

Турнир тартысты өтті. Әрбір команда жеңіс үшін барын салды. Қатысушылар осындай спорттық сайыс салауатты өмір салтын насихаттап, ұрпақ сабақтастығын қалыптастырады,- дейді.

Жарыстың жеңімпазы 2 тамызда салтанатты жиында марапатталмақ. Әуе десантшылары 2025 жылы үлкен парад пен ауқымды спорт шарасын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.