Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әкімдердің жұмысы жаңа әдіспен бағаланады

c 18:46, 30/07 c 61

0:00 / 0:00

Үкімет басшысы әкімдердің жұмысын тұрғындардың өмір сүру деңгейімен өлшеуді ұсынды. Бұл туралы премьер-министр арнайы жиналыста мәлімдеді. Көрсеткіштерді отбасының цифрлық картасы арқылы бақылайды. Жиын барысында "Әлеуметтік әмиян" мен мектепке дейінгі мекемелерді ваучерлер арқылы қаржыландыру жобасы таныстырылды.

Премьер-Министр тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту критерийі бойынша әкімдердің жұмысына KPI енгізу қажет деп мәлімдеді. Ол үшін "Жанұяның цифрлық картасы" платформасы негізінде шұғыл және дағдарыс деңгейінен бастап әл-ауқатқа дейінгі бес санат бойынша қазақстандық отбасылардың жағдайына тұрақты мониторинг пен талдау жүргізіледі. Отбасылардың әлеуметтік тұрмысын жақсарту арқылы жергілікті атқарушы биліктің жұмысы бағаланады.

Мұндай цифрлық карта әкімдер үшін оқулық болуы керек деп мәлімдеді Бектенов. Қажетті мемлекеттік қолдауды "әлеуметтік әмиян" арқылы алуға болады. Әзірге тек тегін дәрі-дәрмек пен мектептерде оқушыларды тамақтандыру саласы пилоттық жобаға қатысуда. Барлық жүйені электронды форматқа ауыстырды. Үкіметтегілер игі істің барлығы тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін жасалуда,- дейді.

Жоба жетекшілері жыл соңына дейін бұл қызметтер республика аумағында қолжетімді болады деп уәде береді. "Әлеуметтік әмиянды" басқа салаларда да қолдану мүмкіндігі болатындай жобаны үлкейту жоспарланып отыр. Енді мектепке дейінгі ұйымдарға ата-ананың таңдауынан соң мемлекеттік тапсырыстың ақшасы аударылады.

Ваучерлік қаржыландыру балабақшаға осы нарыққа еркін кіруге, бір-бірімен бәсекелес болуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда ел аумағында 4,2 миллионнан астам бала білім беру саласында жан басына шаққандағы қаржыландырумен қамтылды. Балалары бар 1 млн.-нан астам отбасы мен 732 мың мүгедек адам төлем алады. 2,1 млн.-нан астам азаматқа тегін дәрі-дәрмек беріледі. 692 мыңнан астам қазақстандық білім беру грантына ие. Бұл тізім әлі де толығуы мүмкін.

СУРЕТ primeminister.kz САЙТЫНАН ЖҮКТЕЛДІ

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.