Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көкөністерді тексерді

c 18:41, 30/07 c 27

0:00 / 0:00

Орал қаласында көкөніс пен жеміс-жидектердің құрамын тексерді.Орталық базар аумағында кез-келген сатып алушы көкөніс пен жеміс-жидектің құрамын тексерете алады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары нитраттарды анықтайтын эксперс-тест жасады.

Нитраттардың көлемі әрбір жеміс пен көкөністе әртүрлі болады. Мысалы, қарбыз бен қауында көрсеткіш алпыстан аспауы шарт.

Биыл қала аумағында нитраттардан улану дерегі тіркелмепті. Десек те, мамандар қауіпсіздік шараларын есте сақтауға шақырады. Қазіргі таңда қарбыз бен қауынның саудасы қызды. Нитраттары көп қарбыздан адам уланып қалуы мүмкін. Сол себепті жол бойында саудаланатын жемістерді сатып алмауға, оны кесіп, дәмі мен түсін қарамауға дәрігерлер кеңес береді. Сондай-ақ, қарбыз-қауынды жақсылап жуып жеп, қалған бөлігін салқындатқышта сақтауды еске салады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.