Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұлғалық дамуға қатысты семинар өтті

c 18:50, 30/07 c 84

0:00 / 0:00

Орал қаласында мемлекеттік қызметшілерге арналған "Self-менеджмент. Үздіксіз даму" атты семинар-тренинг өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған шарада Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Жанболат Даухарин дәріс оқыды.

Алғаш рет ұйымдастырылған өз-өзіңді бақылауға арналған дәріске қызыққандар көп. Департамент, басқарма басшылары мен әкімдік қызметкерлері "Self-менеджмент. Үздіксіз даму" тренингіне қатысты.

Күн сайын құбылып отырған заманда өз-өзіңді дамытып, жұмыс істеу маңызды. Үйренген адамға Self-менеджмент-тің пайдасы мол. Менеджер уақытын тиімді пайдаланып, келіссөздердің оңтайлы жүргізіп, көшбасшылық қабілетін шыңдайды.

Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы басқару академиясының БҚО филиалы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттырумен шұғылданады. Биыл 1500 маманды оқыту жоспарланыпты. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 740-тан астам мемлекеттік қызметкер білім алды.

СУРЕТ klever.blog  САЙТЫНАН ЖҮКТЕЛДІ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.