0:00 / 0:00
Оралда гастро-гепаорталығында ашық есік күні өтті. Бауырына шағымданған тұрғындар дәрігерлердің қабылдауында болды. Ашық есік күніне келген оралдықтардың қарасы қалың. Ақ халатты жандар осылайша, қауіпті әрі әлі күнге дейін емі жоқ гепатит пен бауырдың метаболды майлылық дертін анықтауға болатынын айтады.
Дені саудың-жаны сау. Осы тәмсілді ұстанған жандар гастро-гепаорталықтан табылды. Орталықта бауырды тексертіп, дәрігерлерден кеңес алуға болады.
Дәрігерлер адамдар қозғалысты азайтқалы бері бауырда метаболды майлылық дерті көптеп кездесетін айтады. Ауру адам ағзасының толыққанды жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Сырқатты фиброскан аппаратымен тексереді. Гастро-гепаорталық таңғы 9-дан 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Орталық облыстық көпбейінді аурухананың 2 корпусында орналасқан.