Оралда 26-шы шілдеде газель маркілі көлік отқа оранды. Оқиға Молдашев көшесі 39 үйдің маңында болды. Көліктің ішінде құрылыс материалдары, автотүтікшелер мен дәрі-дәрмек бары анықталыпты. Тілсіз жауды ауыздықтауға 2 бірлік техника мен 6 адам жұмылдырылған. Абырой болғанда қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ. Қызыл жалын кешкі сағат 8-ден 27 минут кеткенде толықтай сөндірілген.