0:00 / 0:00
Елімізде 2021 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңмен жүргізіліп келеді. І кезеңде мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары тапсырса, өткен жылы квазимемлекеттік сектор қызметкерлеріне міндеттелді. Ал биылдан бастап ІІІ кезең - активтер мен міндеттемелер туралы декларация енгізілген. Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келтірген ақпаратқа сәйкес 2024 жылдың 1 жарты жылдығында салық төлеушілердің 37 пайызынан төлем қабылданған. Жалпы 250 салық есептілігін 42 мыңға жуық тұлға төлеуі тиіс.
АЛТЫНГҮЛ ҚҰСПАНОВА
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
«Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі міндеті - әділ салық салуды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету», - дейді мамандар. Бұл орайда, активтер мен міндеттемелерден бөлек, кірістер мен мүліктік декларация да талап етіледі. Бүгінде 270 салық есептілігін 56 мыңнан астам адам тапсырды, яғни 73 пайыз.
АЛТЫНГҮЛ ҚҰСПАНОВА
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Салық есептілігін уақытылы орындамау әкімшілік жауапкершілікке алып келеді. Егер декларацияны бірінші рет ұсынбаса ескерту жасалады. Бір жыл ішінде қайталап бұзу 15 АЕК. Сондай-ақ толыққанды және анық емес мәліметтер үшін 3 АЕК, салық салу объектісін жасырғаны үшін 200 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.