0:00 / 0:00
«ҚАЖ Сервис» ЖШС БҚО филиалы облысымыздың маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстаумен айналысады. Қазіргі таңда олар 3 бағыт бойынша тас жолдардың ойық-шұңқырларын жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Атап айтсақ, Атырау -Орал жолының 492-427 км және 327-189 км аралығын жаңғырту басталған. Ал Самара-Шымкент бағытындағы 330-526 км аралық жолдар жөндеуді керек етеді. Дәл 3 бригада жұмылдырылған жұмыс нәтижесінде облыста 26 мың шаршы метр жолға жөндеу жұмыстары жасалған.