0:00 / 0:00
Мамандардың айтуынша, медициналық тексерістің екі түрі белгілі. Бірі - алдын ала, екіншісі - мерзімді профилактикалық медициналық тексеріс. Біріншісі оқуға тапсыру, жұмысқа тұру кезінде адам денсаулығының жарамдылығына баға беру үшін талап етіледі. Ал мерзімдік тексеріс - кәсіпорындарда жұмыс істейтін жұмысшылар арасында жүргізіледі.
ГҮЛДАНА КЕРЕЕВА
БҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
БҚО санитариялық-эпидемиологиялық департаменті келтірген ақпаратта жұмыс істейтін тұлғалардың саны 49 мыңға жуықтайды. Оның 36 мыңға жуығы зиянды жағдайда еңбекке араласқандар. 16 мыңы медициналық тексеруден өтуі тиіс. Жыл басынан 12 мыңнан астам қызметкер медициналық тексерістен өтіп үлгерген. Бүгінде оның 100-ден астамы денсаулық жағдайына байланысты диспансерлік есепке алынған.
ГҮЛДАНА КЕРЕЕВА
БҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Айта кетсек, жұмыс беруші медициналық мекемелермен бірлесіп, 1 желтоқсанға дейін санитариялық-эпидемиологиялық басқарма мамандарымен алдыңғы жылға арналған жұмысшылардың тізімін келіседі.