0:00 / 0:00
«AgroFest batys» көрме-фестиваль өңірімізде 2022 жылдан бері өткізіліп келеді. Жыл сайын Бәйтерек ауданының Сұлукөл ауылындағы демонстрациялық алаңға агробизнес өкілдері, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері жиналады. Биыл алғаш рет мектеп оқушыларының аталмыш салаға деген қызығушылығын ояту мақсатында фестивальға қатыстырылды. Жабық қайырымдылық күніне облыстың үздік оқушылары қатысты. Осылайша, агроөнеркәсіп кешені мен бизнестің қыр-сырына қаныққан мектеп жасындағы балалар ойын-сауық бағдарламасына да қатысты.
АРМАТ БИСЕНОВ
"АГРОСЕРВИС БАТЫС" ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Аудан және қала мектептерінің шәкірттері бір күн дала жұмыстары, техниканың түрлерімен танысты. Агроөнеркәсіп кешені заман талабына сай даму үстінде. Мәселен, шаруалар далалық жұмысқа дрондарды қолданып келеді. Фестивальдің жас қатысушылары үшін дрондардың көрмесі дайындалып, оны көзілдірікпен басқарып та көрді. Балаларға арналған бағдарлама мұнымен шектелмей, елімізге танымал кәсіпкерлер Нұрсұлтан Мағзомов пен Азат Рашидов табысты бизнестің сырымен бөлісті. Спикерлердің айтуынша, балалардың жастай еңбекке араласуы оларды шыңдайды.
НҰРСҰЛТАН МАҒЗОМОВ
КӘСІПКЕР
Ауқымды шараға мектеп оқушыларын тарту келер жылы да жалғасатын болады. Айта кетсек, агро фестивалі 26-28 шілде күндері өтеді.