0:00 / 0:00
Елімізде алғаш рет ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерге арналған жеңілдетілген несие көлемі 580 млрд теңгеге көбейді. Жарты жыл ішінде ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі артып, жарты триллион теңгені құрады. Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында агроөнеркәсіп өнімін арттыруға бағытталған іс-шаралар жайлы айтылды.
Ауыл шаруашылық өнімдерін 111 пайызға көбейтуді жоспарлап отыр. Бұл тек биылға арналған жоспар. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша көрсеткіш 103 пайызды құрайды. Үкімет басшысы өсімдік шаруашылығының жемісін күзде көреміз,- дейді.
Тұңғыш рет жеңілдетілген несие көлемі 580 млрд теңгеге жеткен. Өткен жылдары жеңілдетілген несие 180 млрд теңгеден аспаған еді. Қолдаудың арқасында дихандар тиісті агротехникалық жұмыстарын толыққанды атқарып үлгерген. Биыл елімізде жалпы егіс алаңы 23,8 млн гектарды құрады. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретіндерге қолдау көрсету жолға қойылған. Аграрлық несие корпорациясы арқылы Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар қорының есебінен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жеңілдікпен қаржыландыру беру арналары кеңейтілді. Десек те, ауыл шаруашылығы министрі бұл мүмкіндікті әлі де қолданбай жүргендер көп,- дейді. 20 өңірдің тек бесеуі ғана осы бағытта белсенді жұмыстануда.
Соңғы алты айдың ішінде ауыл шаруашылығы саласы 410 млрд теңгеге инвестиция тартқан. Биыл жоспарланған меже-1,7 трлн теңгені құрайды.
Сурет https://tengemonitor.kazgazeta.kz/ сайтынан жүктелді.