Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ОҢ БАСТАМАЛАР

c 16:58, 24/07 c 32

0:00 / 0:00

Ақжайық ауданы қуаңшылық жиі белең алатын белдеуде орналасқандықтан егін егу тиімсіз. Бұған қарамастан диқандар тамшылатып суару құрылғыларын орнатып, мал азықтық дақылдар мен жемдік мақсатқа жаздық бидай егуді қолға алған. Биыл 3515 гектар алқапқа көктемгі далалық жұмыстар жүргізіліп, 635 гектар жерге картоп, көкөніс және бау-бақша дақылдары егілді. Бұл шаралар аудан халқының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға қажеттілігін өтеу үшін жасалған.

МҰРАТ СЕРДАЛИН

АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Ақжайық ауданының ауыл шаруашылығы саласында соңғы 10 жылмен салыстырғанда оң өзгеріс көп. Мәселен, 2014 жылы 625 шаруа қожалық тіркеуден өтсе, биыл көрсеткіш 1200-ден асты. 100-ге тарта кәсіпкер өсімдік шаруашылығы саласында жұмыстануда. Аудан басшысы Мұрат Сердалиннің айтуынша, бүгінгідей бәсекелестік заманда малдың санына емес, сапасына сұраныс артқан. Шаруа құрылымдары заманауи электронды құрылымдарды қолданады. Бұл шаралар шаруашылықтың жұмысын жеңілдетіп, еңбек өнімділігін арттыруға ықпал жасайды. 2024 жылдың 1 маусымдағы дерегі бойынша мүйізді ірі қара 154 мың, ұсақ мал басы 308 мыңды құрайды.

МҰРАТ СЕРДАЛИН

АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 109 кәсіпкерге 781 млн теңгеге несие берілген. Жас кәсіпкерлер аудан көлемінде сүтті, сүтті-етті бағыттағы ірі қара малын бордақылау, құс және өсімдік шаруашылығын дамытуға ниеттеніп отыр. Қалыптасқан ауа райының қолайсыздығы шаруалардың қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, былтырғымен салыстырғанда шөптің шығымы төмен. Бүгінде мал азығының 34 пайызы ғана дайын. Оның үстіне киіктер шабындық жерлерді таптап, зиянын тигізуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.