Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бектеновтің Батыс Қазақстан облысына сапары

c 17:33, 23/07 c 62

0:00 / 0:00

Үкімет басшысы Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге сапарлады. Премьер-министр Батыс Қазақстан облысы мен Ақтөбе облысына барды. Үкімет басы бірінші Ақжайық өлкесіндегі жұмыстардың барысымен танысты.

Премьер Бектенов Батыс Қазақстан облысына жасаған сапарында Подстепный ауылы, қаланың Деркөл кенті мен Жұлдыз шағын аудандарына барды. Аталған аумақта 400 үй салынуда. 8 мердігер компания, 56 техника мен 330 құрлысшы Подстепный ауылында еңбектенуде.

Подстепный тұрғындары жаңа баспаналарын уақытылы алсақ деп үміттенеді. Салқын түспей, оқу жылы басталғанша жаңа тұрғын жайға ие болғысы келеді.

Деркөл кентінде 103 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Ал Жұлдыз шағын ауданында 191 нысан салынуда.

Таңғы сағат 8 кешкі 8-ге дейінгі жұмыс кестесі үкімет басшысының көңілінен шықпады. Бектенов баспаналарды уақытылы тапсыру үшін тәулік бойы жұмыс істеу керек деп тапсырды.

Тасқын кезінде баспанасыз қалып, зардап шеккен тұрғындар қажетті көмекке қол жеткізетіндеріне риза.

Премьер- министр бірінші кезекте жұмыс кестесінен қалып келе жатқан ауылдық жерлерді назарға алды. Олжас Бектенов Қаратөбе ауданына қарасты Қоржын ауылына да ат басын бұрды. Мұнда 90 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жұмысшылардың саны үш есе артқан. Сондай-ақ, елдімекенде мектепті жөндеп жатыр. Үкімет басшысы сапаға мән беру керектігін еске салды. Ауылда 6 мердігер компания жұмыс істейді.

Ауыл тұрғындары үйлерінің кілтін асыға күтуде.

Бүгінгі таңда 34 үйдің қабырғасы қалануы керек. Ал 56 баспананың шатырын жабу қалыпты. Жалпы үйлердің 50 пайызы ғана дайын.

Сурет primeminister.kz сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.