0:00 / 0:00
Шахмат - көп ғасырлық тарихы бар интеллектуалдық ойын. Күнтізбеден шахмат күні де бекітілген. 1966 жылдап бастап 20 шілде жыл сайын Халықаралық шахмат күні ретінде аталып өтіледі. Өңірімізде бұл ойын түрінің даму қарқыны қалай? Сюжеттен білейік.
Бұл мереке 1924 жылы әлемдік шахмат федерациясы шешімімен Париж қаласында бекітілген болатын. Өңірімізде осы интеллектуалдық ойын түрімен 2286 бала шұғылданады. Қазіргі уақытта оларды дайындайтын №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде шахмат бөлімі және "Даму бала" бағдарламасы шеңберінде Орал қаласы бойынша 38 үйірме, БҚО аудандары бойынша 11 үйірме жұмыс жасайды.
2023 жылы Қазақстан Республикасында шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданған еді. Ол үш негізгі бағытта жұмыс жасайды: білім беруде мамандандырылған шахматтың даму үрдісін қалыптастыру, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әр турнир соңында хабар беру және шахматтың кең етек жаюына ықпал ету. Жаңа жоспар бойынша жақсы жаңалықтар да жоқ емес.
Кез-келген спорт түрі секілді шахматта да табысқа жету формуласы қарапайым - жүйелі жаттығу, жауапкершілік және жеңіске деген табанды ұмтылыс. Шаһарымызда шахматтан қарсылас шақ келтірмейтін жеңімпаздар көп болсын!