Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР РИДДЕРДЕ

c 16:59, 22/07 c 40

0:00 / 0:00

«Мұнда қатаң мемлекеттік бақылау қажет!» - дед(і) Риддер жылу электр орталығына барған Олжас Бектенов. Жаңа жылыту маусымы қарсаңында Премьер тозығы жеткен "Қызыл аймақта" орналасқан жылу желілері мен жылу электр орталығының дайындығын тексерді. Сонымен қатар, өткен жылы қыстың қақ ортасында Риддерліктер жылусыз қалған ед(і). Бұл жағдай өзге облыстар үшін сабақ болуы керек. Бектеновтің проблемалық объектіге сапарын келесі сюжеттен көрейік.

 

Айтқандай, өткен жылғы Риддердегі жылу электр орталығында болған апат салдарынан тұрғындар бірнеше рет жылусыз қалғаннан кейін қазір нысан модернизациядан өтіп жатыр. Жабдықтың тозуы - 57,7%-ды құрайды. Оны жөндеуге биыл 8,5 млрд теңге бөлінді, оның 7,4 млрд-ы республикалық бюджеттен және 1,1 млрд-ы облыстық бюджеттен. Жылыту маусымының басында екі қазандық қондырғысын іске қосу жоспарлануда. Қалған қондырғылар қашан қойылатыны күннің суытуына қарай белгілі болады.

 

Тағы бір маңызды пункт - ауысымда 500 адам қабылдайтын емханасы және 200 орынды қамтитын стационары бар аурухана кешені. Ол 80 жылдан бері жұмыс істеп келе жатырған медициналық мекеменің орнына салынуда. Жаңа көпбейінді кешеннің жалпы ауданы- 40 мың м2 құрайды. Жоспардың 60%-ы орындалған.

Фармацевтика саласының дамуы да кенже қалмаған. Мысалы, осы зауытта 14 минут ішінде бірден 20 көрсеткіш бойынша нәтиже алуға және 150-ден астам ауруды, тіпті ерте сатысында да анықтауға қабілетті отандық құрылғылар шығарылады.

 

Облыстың жалпы өңірлік өнімінің құрылымында осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша өнеркәсіптің үлесі 42% -ды құраған.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.