Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АЭС салу мәселесі жария талқыланды

c 17:06, 19/07 c 79

0:00 / 0:00

Орал қаласында атом электр станциясын салу бойынша жария талқылау өтті. Тыңдалымға белсенділер, қоғамдық ұйым өкілдері мен энергетика саласының ардагерлері қатысты.

АЭС салу мәселесі -өте өзекті. Қазіргі таңда елімізде электр энергиясы тапшы. Осы тапшылықтың кесірінен көршілес елдерден электр қуатын сатып алуға мәжбүрміз. Атом электр станциясы Қазақстан үшін таңсық дүние емес. Қазірдің өзінде ел аумағында 3 реактр жұмыс істейді.

"АЭС қай жерде салынады?"- деген сауал қазақстандықтарды толғандырады. Алғашында екі аумақ таңдалыпты. Бірі -Абай облысында болса, енді бірі- Алматы облысына қарасты аумақ.

Атом электр станциясын қай ел салады деген сауал көпті толғандырады. Қазіргі таңда 4 ірі алпауыт компанияның жобасы іріктеуден өткен.

АЭС-тің экологияға әсері көпті алаңдатып отыр. Мамандар салынуы мүмкін атом электр станциясының 3 буынының қоршаған ортаға залалы аз. Көп суды да тұтынбайды деседі.

Мамандарды мұқият тыңдаған батысқазақстандықтар емін-еркін пікірін ортаға салып, сауалдарын жолдады.

Әлемде бейбіт мақсатта салынған атом электр станциясының шарапатын көріп отырған елдер көп. Бұл тізімде АҚШ көшбасшы. Кәрі құрлық Еуропада да Аэс көп. Жаңадан стратегиялық нысанды салып жатқан елдер де көп. Қытайдың аумағында 25 АЭС салынбақ. Ал елдегі атом электр станциясының тағдыры жалпыұлттық референдумда шешілмек. Маңызды шара осы жылдың күзінде ұйымдастырылады деп күтіледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.