Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Домбыра музейі ашылды

c 10:53, 18/07 c 61

0:00 / 0:00

Жақында Орал қаласында домбыра музейі өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда ұлттық аспапты қызықтап, оның тарихымен танысқысы келетін жандардың қатары күн санап артып келеді.

Домбыра-ұлттық үні. Қарға тамырлы қазақтың- өткен тарихының куәгері. Ұлттық аспап қай кезде де халықтың көңіл-күйін, өмір салтын бейнелеп жүрді. Орал қаласында әрбір қазақ қастер тұтатын домбыраға арналған музей ашылды.Бағзыдан жиналған құнды жәдігерлерді таныту мақсатында музей замануи құрал-жабдықпен жабдықталған.

Мәдениет ошағында атақты күйшілердің домбыралары мен олардың көшірмесі қойылған.

Домбыра музейіне келушілер көп. Меймандар ұлттық аспап туралы жас ұрпақ тегістей білуі қажет деп есептейді.

Ұлттық аспапқа арналған музейдің келешекке арнаған жоспары көп. Болашақта тарихи экспонаттардың саны да артпақ. Ал домбыраның тарихымен танысамын деген жандар болса Назарбаев көшесі 206/1 мекенжайына барыңыз. Музей таңғы сағат 10-нан жұмыс істейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.