0:00 / 0:00
Оралда 54 апатты үй мен 300 ескі баспана бар. Тозығы жеткен үйде мыңнан астам тұрғын жан бағып отыр.
Облыс орталығында 1670-тен астам көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 54-і тозығы жетіп, апатты деп танылды. Бұдан бөлек, 300 ескі үй тағы бар. Соның бірі- Әлия Молдағұлова 1 мекенжайында орналасқан. Ескі үйде 7 отбасы тұрады. Баспана салқын, жаңбыр жауса шатырынан су кетеді. Тұрғындардың емін-еркін өмір сүруі үшін жағдай жоқ.
Апатты үйлердің мәселесін айтып, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының мамандарына жолықтық. Жауаптылар былай дейді:
Апатты үйлердің мәселесін шешу үшін бағдарламалар іске қосылды. 2022 жылға дейін мемлекеттік-жекеменшік бағдарлама жұмыс істеген-ді. Игі бастама "Реновация" деген атаумен алмасты. Бүгінгі таңға дейін облыс орталығында 34 апатты және ескі үй бұзылды.
Қазіргі таңда шаһарда "Реновация" бағдарламасы аясында 7 үй салынуда.
Мамандар жыл соңына дейін 4 үйдің құрылысы аяқталады деп сендірді. Келер жылы 3 көпқабатты баспана пайдалануға беріледі деп жоспарлап отыр.