Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қарқынды құрылыс

c 18:13, 15/07 c 52

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы Ақжайық шағын ауданында 10 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бас жоспарға сәйкес жаңа ауданда 76 тұрғын үй бой түземек.

Ақжайық шағын ауданында құрылыс қарқынды. Қазіргі таңда жаңа ауданда 4 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқтала келген. Қабырғасы қаланған баспаналарда құрылысшылар ішкі әрлеу жұмыстарына кіріскен. 4 үйдің құрылысы үшін қазынадан 6,1 млрд теңге қаржы бөлінген.

Ақжайық ауданында 26 шақырым тас жол салынбақ. Қазіргі таңда бір көшенің жолы аяқталыпты. Атыраулық компания ұзындығы 1,9 шақырымды құрайтын көшенің жолын салып жатыр. Жолшылар тамыз айында көшенің жолын тегістей асфальттаймыз,- дейді.

Өткен жылдары Ақжайық ауданында әкімдік газ өткізіп, кәріз желілерімен, су мен электр желілерімен жабдықтады. Инженерлік желілер үшін қазынадан 22,4 млрд теңге бөлінді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.