Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тәрбие-тал бесіктен

c 16:41, 11/07 c 60

0:00 / 0:00

Орал қаласында 130-дан астам жеке балабақша бар. Олардың саны жыл санап артып келеді. Десек те, бәсекеге қабілетті, баланың тәрбиесі мен қауіпсіздігіне жауапты бөбекжайлар ғана жұмысын жалғастырады. Сондай мекеменің бірі-«Нұр» балабақшасы. Бөбекжайдың тәрбиеленушілері Стамбулда өтетін жарысқа дайындалып жатыр. Балабақша жұмысын Нұрсұлу Джубаниязова дөңгелентіп отыр.

«Нұр» балабақшасында 60 бала тәрбиеленуде. Бөбекжайда бүлдіршіндердің жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалған.

Мектепке дейінгі ұйымда бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарайды. Балабақша директорының немересі Арнұр мен Томирис те бөбекжайда өнерлерін шыңдауда. Балабақшаны 30 жылдық педагогикалық тәжірибесі бар Нұрсұлу Джубаниязова басқарады. Ол 2018 жылы алғаш «Ақниет» атты бөбекжайын іске қосты.

«Нұр» балабақшасында балаларды ұлттық құндылықтармен тәрбиелеуге басты назар аударады. Ұстаздар қазақы тәрбиені бойына сіңіріп өскен өреннің болашағына алаңдамауға болады,- дейді.

Балабақшаларда ата-анамен жұмыс жолға қойылған. Олар ұйымдастырылған әрбір іс-шараға белсене қатысып, бүлдіршіндердің жетістіктеріне дән риза.

Нұрсұлу Дүйсенбайқызы 60 астам маманды жұмыспен қамтып отыр. Қазіргі таңда 3 балабақшада 190 бүлдіршін тәрбиеленуде. Бөбежайдың жетістіктері көп. Мамандардың еңбегін оқу және ағарту министрі, облыс әкімі бағалап, алғыс хатпен марапаттады. Ал өрендер түрлі байқауларда топ жарып, жас бишілер тамызда Стамбул қаласында өтетін сайысқа дайындалуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.