Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Тойбастар" этнофестивалі өтті

c 16:31, 11/07 c 75

0:00 / 0:00

Облыс орталығында қазақтың ұмыт бола бастаған дәстүрін жаңғырту мақсатында "Тойбастар" этнофестивалі өтті. Мәдени шара Тұңғыш президент алаңында ұйымдастырылды.

Тойбастарды көруге келген жандардың қатары қалың. Өнерпаздар көрермендердің көңілінен шығу үшін барын салды. Қазақтың ұмытыла бастаған салт-дәстүрлерін көрсетіп, күміс көмей әншілер ән салып, әуелете күй тартты.

"Тойбастар" фестивалі барша қолөнер шеберлерінің басын қосты. Шеберлер өнерлерін паш етті. Оларды қызықтаған жандар көп. Іс-шара барысында ақ жаулықты әжелер киіз басты. Ертеде қазақ киізді тастамай, қастер тұтқан. Қазір табиғи өнімге деген сұраныс аз.

Он саусағынан бал тамған шеберлер құрақ көрпелерін, қыз жасауларын, ұлттық киім үлгілерін бұқараға көрсетті. Ою-өрнекпен өрілген бұйымдарға қызығушылық жыл санап артып келеді.

Тойбастарды оралдықтар кеңінен тойлады. Арнайы осы іс-шара үшін киіз үйлер тігіліп, жергілікті тауар өндірушілер де өнімдерін халыққа таныстырды. Отандық өнімді қолдаған жандар көп. Этнофестиваль оралдықтардың көңілінен шықты.

"Тойбастар" этнофестивалінде балалар асық атып, тоғызқұмалақ ойнады. Этнофестиваль қала күні қарсаңында өз жалғасын таппақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.