0:00 / 0:00
Тәжірибелі маман - жас қызметкер үшін үлгі тұтып, бой түзейтін тұлға. Жыл сайын ондаған азамат ішкі істер органдарына қызметке қабылданады. Жас маманның кәсіби жетілуіне полиция департаменті жанындағы тәлімгерлер институты қолдау білдіреді. Соның бірі - сала ардагерлері мен тәлімгерлер кеңесінің басқосуы. Бұл жиында тәлімгерлік бағыттағы жұмысқа басымдылық беріледі. Өйткені әр спикер - өз ісінің шебері, тәжірибелі қызметкер. Олар қызметтегі жауапкершілік пен кәсіби өсу жолымен бөліседі. Сондай-ақ жас маманның жұмысына баға беріледі.
НҰРЖАН ҚУАНҒАЛИ
БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ
Биыл ішкі істер органдарында қызметке тұрған жас маманның бірі - Рысбек Жанайысов. Полиция инспекторына кәмелетке толмаған балалармен жұмыс жүктелген. «Қоғам мүшелерінің қауіпсіздігін сақтауға атсалысу оңай жұмыс емес», - дейді жас маман. Оның ішінде мінез-құлқы мен тентектігі қатар жүретін кәмелетке толмаған балалармен тіл табыса білу керек.
РЫСБЕК ЖАНАЙЫСОВ
ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ
Ішкі істер министрінің тапсырмасымен барлық өңірлерде тәлімгерлік институт қызметі жандандырылуда. Соның ішінде тәлімгерлер кеңесі құрылса, ол арқылы жас мамандардың атқарған жұмысымен танысуына мүмкіндік жасалады. Облыстық полиция департаментінде 200-ге жуық бос лауазым бар. Біліктілік талаптарына сәйкес келген азаматтар ішкі істер органдарында қызмет атқара алады. Шара соңында бір топ сала ардагері марапатталды.