0:00 / 0:00
7 шілде күні сағат 13:11 уақытта жедел жәрдем станциясына 3-ші қабаттың терезесінен бала құлап кеткені жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері бүлдіршінді қалалық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері бала травматология бөлімшесіне жатқызылғанын, жағдайы ауыр екенін хабарлады.
АЙЫМ СҮЛЕЙМЕНОВА
ТІЛШІ
Дәл осы күні кешкісін орын алған оқыс оқиға 5 жастағы баланың да өмірін қиды. Марқұм көпқабатты үйдің 5-ші қабатынан құлаған. Мамандар келтірген ақпарат бойынша бала терезе алдында отырған. Құқық қорғау қызметкерлері тергеу амалдарын бастады.
АСЫЛАЙ ҒҰБАШЕВА
БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Қандай да бір оқыс оқиғаға қауіпсіздік ережелерін сақтамау мен баланы көзден таса қылу себеп болатыны белгілі. Әсіресе, жаз мезгілінде ата-аналар қырағы болғаны абзал. Күннің ыстығына байланысты есік, терезе үнемі ашық тұрады. Бұл кезде ата-ананың бар назары балада болуы тиіс. Айта кетсек, жыл басынан осыған ұқсас 7 оқиға тіркелген.