0:00 / 0:00
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы - шалғай елдімекендердің тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын әлеуметтік жоба. Биыл пойыз 1 мамырда жолға шықты. Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе аймақтарындағы тұрғындарға қызмет көрсеткен дәрігерлер БҚО-да жұмысын жалғастырып жатыр. Қызыл отарба Бәйтерек ауданының Белес ауылындағы темір жол вокзалына аялдап, елдімекен тұрғындарын кезек-кезекпен қабылдады.
БИБІГҮЛ АХМЕТЖАНОВА
БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ ӘЙЕЛДЕР ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕСІ
Медициналық пойызда диагностикалық және бейіндік қызметтер ұсынылады. Сынық түрлері, инсульт, онкологиялық аурулардың белгілері анықталған жағдайда науқас бірден аудан орталығындағы ауруханаға жолданады. Мәселен, тексеріс кезінде жүктілік деректері де анықталып, болашақ анаға тұрғылықты жері бойынша есепке тұруға кеңес берілген.
АЙНҰР ЕГІНБАЕВА
«САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ
Дәрігердің қабылдауына кіру үшін медициналық сақтандырудың болуы талап етілмейді. Мұндай мүмкіндікті Белес ауылының тұрғындары тиімді пайдалануда. «Анализдің қорытындысы бір сағат ішінде шықты. Мамандар кеңесіне кедергі жоқ»,- дейді тексеріске келген Әлия Кеңесова.
ӘЛИЯ КЕҢЕСОВА
БЕЛЕС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
АЙЫМ СҮЛЕЙМЕНОВА
ТІЛШІ