Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ШЫҰ ДОЛЛАРДАН БАС ТАРТА МА?

c 19:54, 05/07 c 52

0:00 / 0:00

Доллардың әлемдік экономикадағы рөлі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін күшейді. Себебі әлемдік ЖІӨ-нің жартысына жуығын АҚШ құрады. Осылайша оның әлемдік экономикаға тигізетін әсері зор. Әлем елдері долларға тәуелді. Қара алтынның құны да доллармен бағаланады. Астанада өткен ШЫҰ саммиті барысында Беларусь Президенті Лукашенко осы ұйымға мүше елдердің басшыларына доллардан бас тартуды ұсынды. Ол екі жақты төлемдерді ұлттық валютамен жүзеге асыру механизмін құру мәселесін қарастыру керек деді. Мәскеу мен Пекин рубль және юаньмен сауда жасайды деген ойын жеткізді.

АЛЕКСАНДР ЛУКАШЕНКО – БЕЛАРУСЬ ПРЕЗИДЕНТІ «Біз бәріміз ұлымыз деп айтамыз. Біз шынымен де ұлымыз, себебі халықтың 40%-дан астамы, доллармен есептегенде ІЖӨ үштен бірі бізге тиесілі, біздің құрамымызда ең ірі ең көшбасшы – Қытай мен Ресей бар. Доллардың алдында бәріміз қалтыраймыз. Нақты қадам жасап, долларға азырақ тәуелді болайық. Сонда ғана «доллар шоқпарымен» манипуляция жасайтындар бұдан былай олай жалғаса бермейтінін түсінетінін көресіздер».

Халықаралық валюта қорының мәліметіне сүйенсек, халықаралық резервтердің 60% доллармен көрсетілген активтерде сақталады. Доллар сонымен қатар сауда үшін ең көп қолданылатын валюта болып табылады. АҚШ доллар құны төмендеген кезде қандай да бір себептермен қарызын өтей алмаса, дағдарыстан құтыла алады, өйткені Вашингтон жай ғана көбірек ақша шығара салады.
Жаһандық экономика доллардан әлемдік резервтік валюта ретінде тез бас тарта алмайды. Себебі, қазіргі уақытта әлемдік нарықтағы барлық биржалық бағалардың шамамен 75-80 пайызы АҚШ долларымен анықталады. Осылайша, доллар тек төлем құралы ретінде ғана емес, сонымен бірге құнды өлшеу құралы ретінде қолданылады. Бұл әрі баға валютасы, әрі төлем валютасы. Долларды алмастыру үшін инвестицияның қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын басқа ешқандай валюта толық сенімге ие болмады. Еуроның өзі еуропа елдерінен ары шыға алмай отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.