0:00 / 0:00
Теректі ауданының тұрғындарына қатысты тақырыпты қозғағалы айға жуық уақыт өтті. Мәселе мынадай: БҚО, Теректі ауданына қатысты Ақсоғым ауылдық округіне қарайтын Үлкен Еңбектегі ағайын редакциямызға өтінішпен хабарласқан. Мұқым батыс өңірдің басты базынасы болған жол жайы, құбыры келсе де суы келмеген, тозығы жеткен желіден жарық өшетіні, қатардан қалмасын деген баласын балабақшаға көрші ауылға тасудан титықтаған тұрғындар ескі мектепті бөбекжайға немесе үйірмеге берулерін сұрағанын мәлімдеді. Ауылдағының аманатына сюжет арнап, кейіннен мәселемен құлағдар аудан әкімінен мән-жәйді анықтаған едік.
Әлия ханымның аутуынша мердігер компанияның 2 жылдық кепіл уақыты бар. Судың жоқтығы құбырдан болса, Қарағанды облысы Жезқазған қаласынан құжатта өзін «Дәнекер» деп көрсеткен жеке кәсіпкер дәнекерлеп беруі тиіс. Олай болмаған жағдайда, заң жүзінде жағдай қаралады.
Ауылда ескі мектептің барын көзбен көріп, халықпен жүздесіп жүрген халық қалаулысының балабақшаға қатысты сауалымызға жауабы мынандай.
Ұсыныс түссе жұмыстанатынын айтқаныңызбен, тұрғындар өтінішін жолдап, аудандық білім бөлімінен келген қағаздағыдай күзден күтері көп екенін көзіңізден таса қалдырдырғаныңыз ғой шамасы. (фото) Хатта көрсетілгендей халқыңыздың жайын білім басқармасына бағыттап қарап қойып отырмайтын боларсыз! Бес күн бойы жарықсыз отырғанын білсе де, беймарал отырған ауыл әкімі әлде қауқарсыз ба!? Аудан әкіміне қарасты қызметкерлердің құзыреттілігі демекші, электр желіге жауапты «жауаптылар» қатарында еместігін еске салдыңыз.
Қызметке жауаптыны қызғыштай қорғағандай, қоғамнан қалыс қалған халқын қорғаса қандай жақсы!? Барлық сұраққа жауапты басқаға жүктеген, батпағы баланы білім ордасына барар жолда жүргізбей, бейнеттің бітер күнін, күре жолдың жарғақ тасы төселгенін тек түстерінде көріп жүрген жұрттың жайына жауаптының жауабы:
Сыныққа сылтау табыла кетті, биыл тағы да Үлкен Еңбектіктер балшыққа батып күн кеше тұратын болды. Тізе берсең тізбектелген күйі түйіні шешілмеген мәселе көп. Бірақ бұл мәселе біздің назардан тыс қалмайды! Күзді күтейік!