0:00 / 0:00
Репродуктивті денсаулық апталығы еліміз бойынша 24-ші және 28-ші маусым аралығында өтуде. Оның аясында медицина ұйымдарында тіркелген тұрғындар ғана емес, қызығушылық танытқан әр азаматқа қажетті ақпарат ұсынылады. Дүниеге дені сау ұрпақ әкеліп, салауатты отбасын құруда - денсаулықты күту маңызды. №6 қалалық емхананың отбасын жоспарлау кабинеті келушілерге репродуктивті денсаулыққа қатысты кеңес береді. Мәселен, адам папилломасының вирустары, ерте жастағы жүктіліктің алдын алу, контрацепция әдістері қамтылған.
АГИС АЙТЖАН
№6 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ ОТБАСЫН ЖОСПАРЛЛАУ КАБИНЕТІНІҢ АКУШЕРІ
Апталық аясында жоспарланған іс-шараларға жасөспірімдер мен жастарды қамту көзделген. Сала өкілдері колледж, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған дәрістер өткізуде. Өйткені жас буын мәселе туындаған жағдайда мамандардың көмегіне жүгінуден қымсынады. Облыстық тері-венерологиялық диспансері мамандарының айтуынша, соңғы 3 жылда жыныстық жолмен берілетін инфекциялық аурулар көрсеткіші төмендеген. Айталық мамандар, әр тілдескен маманмен тұрғынды тіркеу есебіне алмай, жасыл дәліз шеңберінде анонимді қабылдайды.
ЕКАТЕРИНА ОЛЬХОВСКАЯ
ОБЛЫСТЫҚ ТЕРІ-ВЕНЕРОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Жатыр мойны қатерлі ісігі обыр ауруларының ішінде 4-ші орында. Дәрігерлер адам папилломасының вирустары 70 пайыз жыныстық жолмен берілетінін айтады. Қалған үлесі тұрмыстық және тері аурулары арқылы таралады. №6 қалалық емхана гинекологі Лилия Баймұхамбетованың айтуынша, адам папилломасының вирустары ағзаға енгенде белгілері бірнеше он жылдықтан кейін пайда болуы мүмкін. Эпителли ішінде баяу дамып, обыр дертін тудырады.
ЛИЛИЯ БАЙМҰХАМБЕТОВА
№6 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГІ
Медицина саласының қызметкерлері аурулардың клиникалық белгілері пайда болған мезетте өз бетінше емделмеу қажеттілігін еске салады. Жүктілікті жоспарлаудың алдында барлық тексерулерден өтіп, 3 ай бұрын фолий қышқылын қабылдау қажет. Айта кетсек, қыркүйек айында 11 жастағы қыздарды адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау басталады.