0:00 / 0:00
Теректі ауданында бизнестің өндіріс, қайта өңдеу, сауда, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы және туризм бағыттары қарқынды дамуда. 2014 жылғы статистикалық деректермен салыстырғанда 938 кәсіпкерлік субъектісі ісін жаңадан бастады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бизнес саласында жұмыс жасайтындардың жалпы саны 4390 адамды құрайды. Бұл белсенді халықтың 26 пайызы.
ӘЛИЯ МҰХАНБЕТЖАНОВА
ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Аудан басшысының айтуынша, инвестициялық жобаларды қолдау нәтижесінде өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, туризм, жол бойындағы сервис, сауда және тамақтану қызметтері ұлғайды. Биыл 8 млрд теңгеге 9 инвестжобаны іске қосу жоспарланған. Оның аясында 157 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бүгінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 100-ден астам азамат 738 млн теңгеге несие рәсімдеп, кәсібін дөңгелетіп отыр.
ӘЛИЯ МҰХАНБЕТЖАНОВА
ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Теректі ауданының кәсіпкерлері жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынана өзге, ауыл шаруашылығы техникасының лизингі, несиелерді субсидиялау мен кепілдендіру, қайтарымсыз гранттар алу және кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту сынды қолжетімді мемлекеттік қолдау шараларының шарапатын көруде. Десе де, су тасқыны кәсіпкерлік қызметтің 37 субъектісіне зардабын тигізді. 9 субъектіге 7 млн 275 мың, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласында 46 млн 600 мың көлемінде өтемақы мақұлданды. Жалпы келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыстар жалғасуда.