Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СҮТ ИМПОРТЫ АРТА МА?

c 23:30, 25/06 c 70

0:00 / 0:00

Ауыл шаруашылық саласы экономикасның негізгі драйверіне айнала алмай отыр. Себебі бұл саланы қолдау деңгейі төмен, ипорттық аулы шаурашылық өнімдеріне тәуелділік бар. Депутаттар қазір сүттің өзі импортпен әкелінеді деп даурықты. Сапалы сүт шикізатының жетіспеуі және қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмысын бір жолға қоюға кедергі болып отыр. Сүтті жеке шаруалықтардан алып отырғандықтан әкелінетін шикізаттың 70 пайызға жуығының сапасы төмен. Ал ет пен сүттің 85-90 пайызын шағын шаруашылық және жеке қосалқы шаруашылықардан алынады. Мәжілісмен Егізбаев келесі жылдан бастап Кеден одағының техникалық регламентінде көзделген сүт шикізатына қойылатын жаңа талаптар күшіне енген кезде, бұл проблема ушығады деп отыр. Машинамен сауылмаған, салқындатқыш танкерлерсіз, сапа және қауіпсіздік зертханаларынсыз дайындалған сүтті экспортқа қабылдауға тыйым салынады. Осылайша елге импортпен әкелінетн сүт көлемі күрт артады. Импортқа тәуелділікті жою үшін сүт саласын субсидиялау тетіктерін қайта қарау ұсынды депутат.

Ауыл шаруашылығы министрі сүт өнімдерінің импорты артқанын жоққа шығармады. Тек соңғы жылдың өзінде сүт импорты шикі сүтке қайта есептегенде 2022 жыы 580 мың тоннадан 2023 жылы 800 мың тоннаға дейін өскен. Арзан импорттың қысымынан басқа, отандық дайын өнімдердің жоғары өзіндік құны байқалады. Мысалы, Қазақстанда өндірілген майдың өзіндік құны – келісіне 3100 теңге. Ал импорттың орташа бағасы – келісіне1800-2300 теңгені құрап отыр дейді министр. Көрші Ресейде сүтке берілетін субсидия көлемі артқан. Сол себепті ол елден келетін құрғақ сүт біздің дүкен сөрелерін басып кетті.

Ауыл шаурашылығындағы тағы бір әмселе-малдың терісі мен жүнін ұқсата алмай отырмыз. Депутаттардың мәліметінше, былтыр жалпы өндірілген 42 мың тонна жүннің 34 мың тоннасы немесе 81 пайызы өңделмей, өртенген немесе қоқысқа тасталған. Яғни ірі қараның 3,5 млн терісінің 208 мыңы немесе 6 пайызы ғана өңделсе, қалғаны қоқыста жатыр деген сөз. Министр өңірлерінде мал терісі мен жүнін дайындайтын орталықтар құрылады деп отыр. Теріні өңдеудегі проблема шикізаттың сапасы төмен. Терінің жылдық өндіріс көлемі 3,5 млн болса, оның шамамен 600 мыңы ғана қайта өңдеуге және экспортқа жіберіледі. Себебі мал сою кезінде терілері бүлініп, былғары кәсіпорындарының талаптарына сәйкес келмейді.

Тізе берсек агрария саласында шешімін таппай жатқан мәселе көп. Мәжіліс депутаттары ауыл шаруашылығын дамыту үшін Агробанк құру керек дейді. Яғни шаруаларды қаржыландыру тікелей жүргізілген де ғана жағдай түзеледі деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.