0:00 / 0:00
Қай саланы түртіп қалсаңыз тозығы жеткен техника, әбден ескірген желілер. Соның салдарынан апатты жағдайлар жиі тіркеліп отыр. Елдегі санитарлық авициада да жағдай мәз емес. Депутат Сәрсенғалеивтің келтірген деректерінен төбе шашың тік тұрады. Жедел жәрдем қызметін атқаратын санаавиция ұшақтары автокөлік жанар-жағармайын құйып алып ұша беретін көрінеді. Естіген құлаққа ұят, өте қауіпті. Медицинадағы сұмдықты сөз еткен депутат біздегі жедел жәрдемнің өзіне жедел жәрдем керек екен дейді. Мамыр айында Қостанай облысында санитарлық рейстің су үстінде төбесімен төңкеріліп жатқан оқиғаны еске алған мәжілісмен алыстағы ағайынды емдеуге, орайын тауып орталыққа әкелуге аттанған ұшақтың сиқы осы деп ашуланды.
Ұшақтары әбден тозған санитарлық авиция саласына 2023 жылы 11,9 млрд теңге жұмсалған. Алайда, жаңарған ештеңе жоқ. Қазақстандағы санавиация апаттарының тең жартысы осы ескі ұшақтардың еншісінде дейді депутат. Өткен жылы «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» шалғайдағы науқасқа жедел жету үшін 11 әуе компаниясымен шарт жасасқан. Бірақ соңғы
4 жылдағы ұшулардың 70 пайызы АН-2 және ЯК-40 ұшақтарымен жүзеге асуда. Шалғайда қалып, өміріне қауіп төніп, көмек күткен адамға ескі-құсқы ұшақ құламай жеткеннің өзінде көмек кеш барады. Себебі АН-2 ұшағы санавиациядағы басқа әуе көліктерінен 1-1,5 сағатқа ұзақ ұшады. Сөйте тұра ескі ұшақтардың қызмет құны өсіп жатыр. Мысалы,
2015 жылы АН-2 ұшағының 1 сағаттық ұшу тарифі – 219 250 теңге болса, былтыр – 328 мың теңгені құрады дейді мәжілісмен.
Сәрсенғалиевтің айтуынша, былтыр санитарлық авиация көліктері 2323 рет әуеге көтерілген, осыдан-ақ аталған қызметтің елде сұранысқа ие екенін көруге болады. Қазірдің өзінде санитарлық авиацияға мұқтаж азаматтарымыздың бәріне бірдей көмек жетпей жатыр. Депутат үкіметтен
санитарлық авиациядан әбден ескірген АН-2 және ЯК-40 ұшақтарын алып тастап, әлемдік стандартқа сай заманауи ұшақтар
мен тікұшақтарды пайдалануды, арзан тариф бекітуді талап етті. Ал санаивцияны жаңартқанша ұшып жүрген АН-2 ұшақтарына автокөлік емес, авиациялық жанармай құюды сұрады.