0:00 / 0:00
Болашақтағы былықтар қоғам назарында. Өкінішке орай болашақ түлектері өздеріне қойылған талапты сақтамай отыр. Неше күннен бері шу болып жатқан Валерия Гавриленконың мәселесіне тоқталсақ. Ол «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияға оқуға кетіп, содан қайтпай қалған. Тіпті кепілге қойған екі пәтерін шығарып алған. Ал Халықаралық бағдарламалар орталығы оқудың ақшасын, яғни 30 млн теңге мемлекет қаржысын гарант болған үшінші тараптан талап еткен. Қыруар қаржыны қайтаруы тиіс гаранттар- Наталья Воробьева және Мақпал Дәрібаева есімді екі журналист. Олар «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелдік университетке оқуға түскен 24KZ телеарнасының экс-тележүргізушісі Валерия Гавриленкоға кепіл болғанын, енді оның кесірінен баспанасыз қалу қауіп төніп отыр деп президенттің атына шағымдарын жолдаған болатын. Воробьева мен Дәрібаеваның айтуынша, 2019 жылы Валерия Гавриленко «Болашақ» орталығының қызметкерлерімен сөз байласып, 2 пәтерді кепілден заңсыз шығарып, сатып жіберген. Содан кейін Ұлыбританияға тайып тұрған. Ал сол кезде «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Жанболат Мелдешов болған еді. министрдің айтуынша, қашқын түлек 30 млн теігені қайтаруға келісіпті
Ал осы заңсыздыққа жол берген жауапты азаматтарға қатысты іс прокуратура назарында дейді министр. Жалпы Болашақ бойныша шетелге білім қуып кеткен түлектердің ішінде 200 адам елге қайтпай қойған. Олардан 1,9 миллиард теңге қайтарылды. Биілдың алты айныда 700 млн теңгені қайтарып алдық дейді Саясат Нұрбек. Яғни Гавриленко сияқты шетелге барып алып, райынан қайтып жатқандар аз емес.
Министрдің айтуынша, жалпы алғанда бағдарлама еліміздің дамуына пайдасын тигізіп жатыр. 13 500 адам осы бағдарлама бойынша білім алып келді. "Болашақ" түлектері бұған дейін елімізде жасалмаған отаны жасап жатыр, қаншама ғалым экономикамызға пайдасын тигізіп жатыр. Бірақ шулы жаңалықтар тез таралып кетеді. Министр Болашақ түлектері Бишімбаев пен Байбектің сәтсіз кейсін алға тартты.