0:00 / 0:00
Экономикалық қылмыс жасағандарды темір торға қамамай-ақ, сол үшін шығынды өтеп алу көзделіп отыр. Депутаттар ұсынған заң жобасына сәйкес, енді салық төлеуден жалтару, заңсыз кәсіпкерлік құру, заңсыз банк қызметін жүргізу қылмыстары үшін соттамайды. Тек сол жасаған қылмысты мойнымен көтеріп, шығынын өтеп берсе болғаны. Ұсынылып отырған заң жобасында Қылмыстық кодекстің 4 бабы қылмыссыздандырылып, Қылмыстық процестік кодекстің 1 бабына өзгеріс енгізіліп отыр. Осылайша депутаттар экономикалық қылмысты декриминализация жасай отырып, елде ыңғайлы бизнес ортаны қалыптастыруға мүмкіндік туады дейді.
Дегенмен, кейбір депутаттар заң жобасының аты затына сай емес дейді.
Бұл бір жағынан елде сотталғандар санының азаюына да әкеп соғар еді. Түрмелер қоғамды қауіпті қылмыскерлерден, бұзақылардан және кісі өлтіргендерден қорғау үшін қажет. Ал экономикалық қылмыс жасағандар қоғамға қауіпті емес. Өз кінәсін мойындап жатса, үлкен көлемде айыппұл салып, шығын көзін өндіріп алған әлдеқайда тиімді дейді депутаттар. Алайда, бұл заң жобасы экс-президенттің жақтастары, жақындары - «Ескі Қазақстан» өкілдері үшін қылмыстан құтылу жолы болып табылмай ма деген күмән де бар. Ендігі өзіміз куә болып отырған дерек- экс-Президент Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш қаралы қаңтар оқиғасы бойынша шартты түрде ғана сотталып, үйінде жатқанын білеміз.