Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МУСИН НЕГЕ КЕТТІ?

c 15:44, 03/05 c 83

0:00 / 0:00

Бағдат Мусин 1983 жылы Екібастұз қаласында туған. Ол Сүлеймен Демирел университетінде «компьютердің техникалық және бағдарламалық жасақтамасы мамандығын игерген. Еңбек жолын мамандығы бойынша әртүрлі компанияларда, халыққа қызмет көрсету орталығында, мемлекеттік органдарда жалғастырады. «ҚазПоштаны» басқарды, министр қызметіне дейін Президенттің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі болды.Нақтырақ айтсақ, Бағдат Мусин цифрлық даму министрлігін 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап тізгіндеген еді. 30-ы сәуір күні тараған ақпарда мемлекет басшысының жарлығымен Бағдат Мсуиннің бұл лауазымнан босатылғаны мәлім болды. Үш жарым жыл осы саланы басқарған Мусиннің аяқ астынан қызметінен кетуіне не себеп болды? Бұл сұраққа жауапты экс-министрдің фейсбук желісіндегі парақшасындағы жазбасынан іздеп көріп едік. Онда Мусин тек отставкаға кеткенін, өзіне сенім білдірген Президентке алғысын жазады. Одан әрі экс-министр өзі басқарған салада қыруар жұмыс жасалғанын, Қазақстан әлемдегі ең дамыған цифрлы елдердің бірі екенін, қарапайым қазақстандықтардың өмірін жеңілдеткен жетістіктері үшін мақтанатынын айтады. Қоғамда Бағдат Мусиннің қызметінен кетуі қазақстандықтардың жеке деректерінің таралу фактісімен байланысты – деген пікірлер желдей есіп жүр. Мусиннің Қазақстанды цифрландыру саласын дамытудағы жұмысына баға берген депутаттар экс-министр елді цифрландырам деп жүріп, аэроғарышты кенжелетіп алды дейді. Енді бірі Бағдат Мусиннің қызметінен кетуі күтпеген жағдай болды деп отыр.

Осылайша депутаттар цифрландыру саласын арттырған жерде тәуекел қатар жүреді, оның ішінде жеке деректер де бар дегенді алға тартады. Жақсы, осымен Бағдат Мусиннің министрлер кабинетіндегі карьерасы тәмам бола ма, әлде ол әлі биік белестерден көріне ме? Оны уақыт көрсетеді. Ал орны бос тұрған цифрлық даму министрлігін кім тізгіндейді? Бұған қатысты депутаттардың ұсынатын, тіпті болжайтын кандидатурасы да жоқ. Мәжілістің экономикалық мәселелер жөніндегі комитеті жоғарғы жақтан хабар күтіп отыр. Себебі, дәл осы комитетке Президент болашақ цифрлық даму министрінің кандидатурасы ұсынады. Ал депутаттар құптайды.

Бағдат Мусиннің министр қызметінен кетуі оның қоластындағылар үшін де тосынсый болған сияқты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.