Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ТИК-ТОКҚА ШЕКТЕУ ҚОЮ КЕРЕК»

c 14:25, 25/04 c 79

0:00 / 0:00

Қолында смартфоны жоқ адамды елестету мүмкін емес. Бұл адамзаттың басты құралына айналды. Адамдар шынайы өмірден гөрі, телефонына телміріп әлеуметтік желідегі қызықтарды, ақпаратты алуға тырысады. Тіпті екі адам қатар отырып телефондарына шүйлігіп отыратынын жиі көресің. Адамзаттың тұрмыс-тіршілігін интернетке байланған. Оның ішінде әлеуметтік желілер қоғам өміріне дендеп барады. Депутат Сайыровтың мәліметінше, елімізде Instagram-ға – 12,1 млн, Facebook-қа – 2,6 млн., ал небәрі екі жылдың ішінде TikTok-қа – 14,1 млн. азамат тіркелген. Әлеуметтік желіде бесіктен белі шықпаған баладан, қартайған қарияға дейін отырады. Әрине ол жерде қажетті ақпарат та бар. Бірақ зияны да жоқ емес. Мәжілісмен шектеусіз таратылымдағы әлеуметтік желілер пайдалы білім алып, үнемі қозғалыста болуы тиіс балалардың алтын уақытын ұрлағанымен қоймай, олардың денсаулығына, психикасына да теріс әсер етуде. Әсіресе, балалар арасында кең танымалдылыққа ие TikTok-тың жастарымызға рухани зияны артып келеді дейді. Осылайша бүгінгі жастар ата-баба тәлімімен емес, негізінен «тик-ток» арқылы тәрбиеленіп жатыр. Онда пайдалы контентпен қатар, баланы жағымсыз әдеттер мен теріс қылықтарға бастайтын бейнематериалдар да жеткілікті. Әсіресе онлайн казино, стримдер арқылы әдепсіз әрекеттер көрсету,тіпті порнография,суицидке шақыру, былапыт сөздер мен бейәдеп көріністерге толы рилстар да осы TikTok-та. Балалар тек қарап қана қоймай, зорлық-зомбылықтың құрбаны да болып, ойынқұмарлық дертіне ұшырауға да әлеуметтік желінің әсері бар деп отыр. Мәжіліс депутаттары осы мысалдарды алға тарта отырып, үкіметтен тик-ток желісіне шектеу қоюды талап етті.

Аталған әлеуметтік желінің кері әсері барын ақпарат министрі де жоққа шығармады. Аида Балаева бұл мәселе қарастырылады деп отыр.

Мектеп оқушылары арасында бір-біріне әлімжеттік жасап, қатыгездік жасау фактілері де әлеуметтік желілер арқылы кең таралуда. Тик-токтың зиянды салдарларын ескере отырып, бірқатар әлем елдері оған шектеу қойды. Мысалы, Үндістан 2020 жылы толық тыйым салған. Көрші Өзбекстанда 2021 жылдан бастап Тик-Ток қолданылмайды. Жақында Қырғыз елі де шектеу енгізді.
АҚШ –ң өзі TikTok-қа ішінара шектеу енгізді. Еуродақ елдері де өз шенеуніктерінің телефондарына TikTok орнатуға тыйым салды. Ал, TikTok-ты ойлап табушы Қытайда кәмелеттік жасқа толмаған балаларға «арнайы бала – TikTok» контентін ұйымдастырған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.