Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СУ ТАСҚЫНЫНДА 5 АДАМ ҚАЗА БОЛДЫ

c 11:11, 19/04 c 96

0:00 / 0:00

Су тасқыны орын алған аймақтарда халық баспанасынан, барлық мүлкінен, мал-жанына айырылды. Суға ағып кеткен мүлік шығыны есептеліп жатыр. Өкінішке орай елде орын алып жатқан тасқын судың құрбандары да бар. Ішкі істер министрлігі төтенше жағдай кезінде қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен адамдарға қатысты қылмыстық істер қозғалғанын хабарлады. Вице-министр 5 адам тасқын судың құрбаны болды дейді.

Сондай-ақ, наурыз айының соңында Абай облысының Аягөз ауданында екі адам тарктормен суға кеткен еді. Бұл фактіге қатысты да қылмыстық іс қозғалды деп отыр Қожаев. Вице-министр із-түзсіз жоғалғандарға қатысты да қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір мұндай сипаттағы жеті қылмыстық іс бар. Олардың барлығына қатысты алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді.Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, аталған фактінің барлығы қауіпсіздік талаптарының бұзылуына байланысты орын алған. Мәселен, біреуі өз бетінше өзенді жүзіп өтпек болған. Ал енді бірі су тасқынынан кейін, яғни эвакуациядан соң қауіпті аймаққа оралуға тырысқан. Барлық факті бойынша тексеру басталып, тергеу жүргізіліп жатыр. Өз кезегінде сенаторлар үкіметке табиғи апаттан зардап шеккендердің шығын өтеу тетігін қайта қарастыруды ұсынды. Себебі, үйлері су астында қалған азаматтар мемлекеттен тиісті материалдық қолдау болмай қалуы мүмкін деп алаңдайды.

Сенатор үкіметке залалды өтеу қағидаларына өзгерістер енгізуді, яғни су тасқыны кезінде толық қирау немесе жоғалту себебінен бағалау жүргізу мүмкін емес тұрғын үй үшін залалды өтеу тетігін әзірлеуді, сондай-ақ тұрғын емес құрылыстар мен мүлікке келген, оның ішінде су тасқыны кезеңінде жоғалған мүлікті өтеу мүмкіндігін енгізуді ұсынды. Ал саяжайларда тұрғандардың шығын өтеу үшін құжаттар беру мерзімін 60 күнге дейін қарауды сұрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.