0:00 / 0:00
Азаматша автокөлік салонында өзінің екінші сәбиін дүниеге алып келді. Жəнібек ауданынан келген əйелдің аяқ асты толғағы ұстап, такси шақырған екен. Алайда жүргізуші оны бұрынғы қалалық перзентхана ғимаратына жеткізіпті. Қазір ол жерде наркологиялық диспансер орналасқанынан хабарсыз болып шығыпты. Толғақ қысқан азаматша осылайша шекесі торсықтай ұлын автокөлік ішінде дүниеге əкелуге мəжбүр болды. Наркология мамандары болса, жедел жəрдем жеткенше нəрестенің кіндігін кесіп қойған