Полицияның хабарлауынша, ішкі істер органында есепте тұрған екі азамат 18-қаңтар күні кешке қарай Ет комбинаты ауданына такси шақырған. "Лада Калина" маркілі авто көлікке отырған екеу Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы ауданына жеткізуін сұрапты. Аталған мекен-жайда такси көлігін адам көзінен таса жерге тоқтатып, жүргізушіні белдікпен қылғындырып, басынан тапаншамен ұрғылаған. Өзін қорғап, қарақшылар қолынан құтылуға тырысқан зардап шегуші аяғымен көліктің алдыңғы әйнегін тебуге мәжбүр болғанын айтады. Нәтижесінде бұзақылар оның ұялы телефоны мен ақшасын алып, оқиға орнынан іздерін суытпақшы болған.