Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының пркуратурасы мектеп мұғалімін қызметке қабылдау үшін конкурстың заңсыз өткенін анықтады.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» бірнеше тармақтарын бұза отырып, өткізілген.
Соның ішінде ең маңыздысы – құжаттарын толық тапсырған үміткердің орнына толық құжаттар тапсырмаған үміткер конкурстан жеңімпаз деп танылған.
Прокуратураның наразылығымен заңсыз конкурс нәтижелерінің күші жойылып, жаңа конкурс өткізілді.
Оның қортыныдысы бойынша заңды шешім қабылданып, талапқа сай құжат тапсырған маман қызметке қабылданды.
Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.