0:00 / 0:00
Санитарлық-экологиялық айлық аясында қала аумағын жаппай тазалау, абаттандыру және жасыл желек отырғызу жоспарланған. Қала әкімі Миржан Сатқанов алғашқы сенбілік алдында құзырлы орган, қалалық мәслихат депутаттары және кәсіпкерлік субъектілерімен бас қосты. Мақсат - белгіленген учаскелерде, бизнес нысандар мен білім ордаларында сенбіліктің дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау. Шаһар басшысының айтуынша, тазалық жұмыстарына білек сыбана кірісетіндер де, айналаны ретке келтіруді міндеті санамайтындар да кездеседі.
МИРЖАН САТҚАНОВ
ҚАЛА ӘКІМІ
Жиын барысында кәсіпкерлер осындай сарындағы сын-пікірлерді ескеріп, олқылықты жөндеуге уәде етті. Биыл қала көшелері мен тынымбақтарға Ресейде өсірілген жасыл желектің бірнеше түрі отырғызылуда. Сенбілік аясында тағы мыңнан аса шырша мен терек егілмек. «Күтімі уақытылы жасалса, тал-теректің жетілуі жақсармақ»,- дейді мамандар.
АЛДИЯР ХАЛЕЛОВ
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Азамат Халеловтың айтуынша, 30 қыркүйектен бастап қаладағы 9 учаскеде жалпықалалық сенбілік өтеді. Сондай-ақ қалалық мәслихат депуаттары өз округтері бойынша тазалық жұмыстарын жүргізеді. Бір ай бойы қоқыс полигондары қатты тұрмыстық қалдықтарды тегін қабылдайтын болады. Тасымалдауды уақытылы жүзеге асыру мақсатында қоммуналдық мекемелер техника санын арттырмақ.