0:00 / 0:00
Қонаев атындағы тынымбақты жөндеу «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жүргізілуде. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің келтірген ақпараты бойынша құрылыс жұмыстары екі мердігер мекемеге жүктелген.
ДАРХАН ЕРКІНҰЛЫ
ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖК ЖӘНЕ АЖ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ
АЙЫМ СҮЛЕЙМЕНОВА
ТІЛШІ
Дархан Еркінұлының айтуынша, қала бойынша 8 нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстары басталған. Қала тұрғындары демалыс орындарын абаттандыруға байланысты жиі ұсыныс білдіретін көрінеді. Олардың ұсынысы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында қанағаттандырылуда.