Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АҚЖОЛДЫҚ ДЕПУТАТ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫН ДАМЫТУДА

c 22:58, 19/09/2023 c 103

0:00 / 0:00

Тоғызқұмалақ - ұлттық ойын саналғанымен, оны балалар арасында дәріптеу кенже қалған. Ал Үлкен Шаған ауылында тоғызқұмалақты балаларға үйрету үш жыл бұрын қолға алыныпты. «Aq jol» партиясының Бәйтерек аудандық мәслихат депутаты Думан Шановтың бастамасымен үйірме ашылып, қатысушылар ауылдық мәдениет үйінде бас қосады. Ұстаздың айтуынша, биыл тоғызқұмалақшыларға аудандық мәслихат тарапынан қолдау жасалған.

ДУМАН ШАНОВ

«AQ JOL» ПАРТИЯСЫНЫҢ БӘЙТЕРЕК АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Өткен оқу жылында тоғызқұмалақ ойыны білім саласы бойынша олимпиада қатарына еніп, Астана қаласында алғашқы дода ұйымдастырылған. БҚО-ның атынан қатысқан үлкеншағандық оқушылар күміс жүлдегер атанған. Жалпы үш жылда жетістіктер қоржыны жүлдемен толығып отыр. Үздіктердің қатарында Мөлдір Батуллина бар.

МӨЛДІР БАТУЛЛИНА

ҮЛКЕН ШАҒАН ЖОББМ ОҚУШЫСЫ

АЯУЛЫМ ӨТЕСІН

ҮЛКЕН ШАҒАН ЖОББМ ОҚУШЫСЫ

Думан Шановтың айтуынша, бүгінде үйірмеге қатысушы балалардың саны 40-қа жуықтады. Балалар тоғызқұмалақтың классика, рапид және блиц түрлерін меңгеруде. «Елдімекенде ұлттық спортты қолдау шаралары жалғасады», - дейді ақжолдық депутат. Солардың бірі - «Тоғызқұмалақ» үйірмесіне жас маман келді. Жанашыр азаматтар ұлттық ойынды дәріптеу бастамасын Көшім мектебінде жалғастырады.

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.