Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"АҚЖОЛДЫҚТАР" ҮЛКЕН ШАҒАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

c 22:34, 14/09/2023 c 104

0:00 / 0:00

Бәйтерек ауданының Үлкен Шаған ауылы облыс орталығынан 30 шақырым жерде орналасқан. Мұнда ауыл халқын мазалап жүрген мәселе баршылық. «AQ JOL» партиясының Бәйтерек аудандық мәслихат депутаты Думан Шанов тұрғындардың базынасын тыңдап, мәселенің шешілуіне ықпал жасаумен келеді. Халық қалаулысы бүгінге дейін атқарылған және алда орындалуы тиіс жұмыстарды баяндап, «AQ JOL» ҚДП БҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Бағдат Ізмағанбет пен жергілікті тұрғындар алдында есеп берді. «Мұндай басқосу партияның сайлауалды бағдарламасының негізінде орындалатын шараларды пысықтап, сайлаушылардың сауалдарына толыққанды жауап беруге мүмкіндік береді»,- дейді Бағдат Мәдиұлы.

БАҒДАТ ІЗМАҒАНБЕТ

«AQ JOL» ҚДП БҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Төрт түлік бағып, күнелтіп отырған үлкеншағандықтар жайылымдық жер тапшы екенін айтады. Электр желілерінің біразы тозған, трансформатордың айналасы қоршалмаған. Тоқ торабының бұлай ашық-шашық күйде болуы ойын балалары мен жайылымдағы мал басына қауіпті. Ал электриктердің жалақысы мардымсыз. Күні кеше Президент Жолдауында баяндалған ең төменгі жалақы мөлшерінен сәл ғана асады. «Еңбекақыдан бұрын адам өміріне қауіп төндіретін мәселенің күрмеуі шешілсе» дейді электрик маман Қуаныш Хайруллин.

ҚУАНЫШ ХАЙРУЛЛИН

«БҚ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ТАРАТУ КОМПАНИЯСЫ» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Адам өмірімен байланысты өзекті мәселенің бірі – жолдағы қауіпті бұрылыс. Үлкен Шаған ауылы Орал-Атырау тас жолының бойында орналасқан. Жол қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы салдарынан жол-көлік оқиғасы жиілеп, жыл басынан ондаған жолаушы ажал құшты. Көп жағдайда апаттан зардап шегетін қарапайым халық. Ауылдастары мен бала-шағаның өміріне алаңдаулы тұрғын Динара Ақпембетова қауіпсіздік шараларын қатаңдатуды сұрайды.

ДИНАРА АҚПЕМБЕТОВА

ҮЛКЕН ШАҒАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Тұрғындардың мәселесіне құлақ түрген ақжолдықтар жоғарыда көтерілген мәселелерге қатысты жауапты органдарға депутаттық сауал жолдап, партияның бақылауында болатындығын айтты. Думан Шановтың айтуынша, балабақша мәселесі алдағы екі жылда шешімін таппақ. Айта кетсек, депутат Думан Мұғалұлының көмегімен ғимараттың айналасы қоршалып, абаттандыру жұмыстары басталған. Партия төрағасының орынбасары Бағдат Ізмағанбет халықпен тығыз байланыс орнатқан ақжолдық депутаттың жұмысына оң баға берді. Жиын соңында тұрғындар арасынан «AQ JOL» партиясына өтуге ниет танытқан бірқатар азаматқа партия билеттері табысталды.

 

 

 

 

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.