0:00 / 0:00
Шаһарда кәсіпкерлік субъектілерінің саны артып келеді. Кәсіп иелері ет-шұжық, сүт өнімдері, кондитерлік бағыттағы бизнес түрін жандандыруды бастап кеткен. Дәстүрлі «Сапалы өнім» жәрмеңке-көрмесінің мақсаты - тұтынушыларға жергілікті тауар өндірушілердің экологиялық таза өнімдерін ұсынуға мүмкіндік беру. Өңір кәсіпкерлерінің дайындаған азық-түлік тауарларымен облыс әкімі Нариман Төреғалиев танысты. Айта кету керек, отандық өндірушілердің өнімі көршілес мемлекеттерге экспортталуда.
МИРБОЛАТ НҰРЖАНОВ
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қала күні аясында қолөнершілерге де бұйымдарын таныстыруға мүмкіндік берілді. Д.Нұрпейісова көшесінің бойында «Ақжайық - шеберлер қаласы» көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда мүсін ойып, ойыншық жасауды кәсіп қылған азаматтар мен арбаға таңылса да жігері жасымаған мүмкіндігі шектеулі жандардың қолынан шыққан әсем дүниелері қойылған. «Көңілді клуб» үйірмесінің мүшелері бірнеше жылдан бері тоқымамен айналысып келеді. Көрмеде сәбилерге арналған киім-кешек түрлерін ұсынып отыр.
ӘЙГЕРІМ МҰҚАН
«КӨҢІЛДІ КЛУБ» ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Қаланың көркемөнерпаздары Ж.Молдағалиев атындағы тынымбақты ән мен күйге бөледі. Қала тұрғындары «Күмбірле күй» концерттік бағдарламасы аясында суретшілердің туындыларын тамашалады. Жалпы шаһардың туған күніне орай 40-тан астам іс-шара өтті.