Бұл туралы бүгін мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта өткен брифинг барысында мәлім болды. Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі, яғни медиация – үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын медиатордың қатысуымен дау-жанжалдарды шешудің баламалы әдісі, оны тараптарды өзара келістіру тәсілі немесе мәмілегер, бітімгер деп түсіну абзал. Ол екі жақтың еріктілік, құпиялық, тең құқылығын сақтай отырып, тараптардың өзара тиімді бітімге келуіне жол ашады. Осылайша, облыста медициялық келісіммен шешілген ең қызықты іс «ҚазТрансГазАймақ» АҚ мен «ЖайыкЖылуҚуат» АҚ тараптары арасында болыпты.