0:00 / 0:00
Биыл өрт қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан 5 адам ажал құшып, 4 адам жарақат алған. Алдағы жылыту маусымы кезінде бұл көрсеткішті көбейтпеу мақсатында Орал қаласының төтенше жағдайлар басқармасы мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ БҚ өндірістік филиалы мамандары жеке тұрғын үй секторын аралап, тұрмыста табиғи газды қолданудың талаптары мен ережелерін түсіндірді.
АСЛАНБЕК ХАЙРУЛЛИН
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Газ иісіне уланудың дерегі, әсіресе, жылыту маусымы кезеңінде тіркеледі. Тұрғындардың дайындық жасамай тұрып, жылыту пештерін іске қосу әрекетіне тосқауыл болмай тұр. Ал қарапайым талаптарды орындап, ережеге бой ұсыну өзіңіз бен отбасы мүшелерініңіздің өмірін сақтайды. Мәселен, пештің жарамдылығын және мұржаның тартуын үнемі бақылау қажет. Улы газдың пайда болу себебі келесідей: мұржада тесіктер мен жарықтардың болуы, желдеткіш каналдың бітелуі, газ плиталарының жылыту құралы ретінде пайдаланылуы.
ДУЛАТ МАҚАТОВ
«ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» АҚ БҚӨФ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ
Сала өкілдері жылыту маусымы басталғанға дейін жеке сектордағы баспана иелері арасында түсіндіру шараларын жалғастырады. Бұл аралықта тұрғындар мамандардың жұмысына түсіністік танытып, тілдесуден қашпағаны абзал.